Шри-Ланка дағдарысынан шай қымбаттауы мүмкін

Алдағы уақытта әлемде шай өндірісі 30 процентке қысқарып, тиісінше оның бағасы қымбаттауы мүмкін.

Бұған Шри-Ланкадағы экономикалық және саяси дағдарыс себеп. Жергілікті сарапшылар осылай деп ескертіп отыр. Қазір арал мемлекет өз тарихында болмаған күрделі дағдарысты бастан кешіп жатыр. Азық-түлік қымбаттап, жанармай тапшылығы ушыққан. Елде шай өнеркәсібінде 2 миллиондай адам еңбек етеді. Солар қазір аптасына 3-4 күн ғана жұмыс істейді. Қалған уақытта жанармайға кезекте тұруға мәжбүр. Ол аздай тыңайтқыш та қымбаттап кеткен.

Айта кеткен жөн, Шри-Ланка әлемде шай экспорттау бойынша Кения және Қытаймен бірге алғашқы үштікке кіреді. Оның жаһандық нарықтағы үлесі 20 проценттен асады.