АҚШ тұрғыны COVID-19 бен маймыл шешегін қатар жұқтырған

АҚШ тұрғыны COVID-19 бен маймыл шешегін қатар жұқтырған

АҚШ тұрғыны бір уақытта коронавирус пен маймыл шешегін жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар мұндай жағдай әлемде алғаш рет тіркеліп отырғанын айтады. Маусымның соңында ер адамның тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Артынша денесі бөртіп кеткен. Сөйтіп ол маймыл шешегін жұқтырғанын білген. Науқас алғашында жағдайы ауыр болғанын айтады. Бұған дейін негізінен Африка елдерінде тіркеліп келген маймыл шешегі кейінгі уақытта әлемнің өзге мемлекеттерінде тез тарап барады. 70 елде 14 мың дерек расталған. Соңғы мәлімет бойынша, АҚШ-та алғаш рет маймыл шешегін балалар жұқтырған. Қазір екі бала ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы тұрақты.