Ыстықкөлде туристер мінген теплоходтан өрт шықты

Ыстықкөлде туристер мінген теплоходтан өрт шықты
ҚазАқпарат

Өрт Ыстықкөл облысы Комсомол ауданында жағалаудан 1 км қашықтықта жүрген «Альбатрос» атты туристерге арналған теплоходтан шыққан.

Бұл туралы Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, теплоход экипажы өрт сөндірушілер келгенше, өртті өздері сөндіріп үлгерген. Балаларды қоса алғанда 20 жолаушыны эвакуациялау үшін жақын маңдағы пансионаттардың скутерлері пайдаланылды. Алдын ала мәліметтер бойынша зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, өртті шығу себебі анықталу үстінде.