Маймыл шешегіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің таралуына байланысты әлемдік деңгейде төтенше жағдай жариялады.

Вирусты қазіргі сәтке дейін 47 елде анықталып, жұқтырғандар саны 16 мың адамға жетті. 1 айдай бұрын ғана науқастар қатары 3 мыңдай ғана болатын. Мамандар маймыл шешегі адам өміріне қауіп төндірмейді деп, әзірге індет санатына жатқызбай отыр.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас хатшысы:

- Маймыл шешегі әлем бойынша тез таралып жатыр. Сондықтан қоғамдық денсаулық сақтау саласында халықаралық деңгейде төтенше жағдай жарияладым. Сақ болғанымыз жөн!