Жапонияда Сакурадзима жанартауы атқылады 

Жапонияда Сакурадзима жанартауы атқылады 

Жапонияда Сакурадзима жанартауы атқылап, Кюсю аралында қауіптің бесінші деңгейі жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, отты тау кратерінен 2,5 шақырым жерге дейін шоқ пен күл шашқан. Жапа шекккендер туралы ақпар жоқ. Табиғат апатына байланысты отты тауға жақын маңдағы аудандардан тұрғындар эвакуацияланды. Сакурадзима жанартауы Кюсю аралында орналасқан. Оның биіктігі 1 мың метрден асады.