Орегон штатында төтенше жағдай жарияланды

Орегон штатында төтенше жағдай жарияланды

АҚШ-тың солтүстік батысында аптап ыстық. Табиғат апатынан Орегон штатының губернаторы аймақта төтенше жағдай режимін жариялады.

Көптеген өңірде бір аптадан бері ауа температурасы 40 градустан асып тұр. Жергілікті билік "коммуналдық қызметтің жұмысында іркілістер болуы мүмкін" деп халыққа ескерту жасады. Аптап ыстықтан адам шығынын болдырмау үшін аймақта 24 сағат бойы жұмыс істейтін салқындатқышы бар орталықтар ашылды. Жуырда Орегон штатының билігі 2024 жылдан бастап салынатын үйлердің барлығында ауа баптағыштар болу керек деген заң қабылдады.