Қытайдың Ухань қаласы карантинге жабылды

Қытайдың Ухань қаласы карантинге жабылды

Коронавирусты жұқтырудың 4 дерегі үшін шаһардың 12 млн тұрғыны оқшауланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауру науқастарда сиптомсыз өтуде. Қаланың әр өңіріндегі санитарлық талаптар әртүрлі. Мәселен, кейбір аудандардан кіріп шығу мүмкін болса, ал шектеу шаралары қатаңдатылған өңірлерден тұрғындар мүлдем шыға алмайды. Аймақтағы барлық қоғамдық тамақтану орындары уақытша жабылды. Кинотеатр, базар, оқу орындары мен туристік нысандар да жұмысын тоқтатты.