Австралияда экономикалық өсім тежеледі  

Австралияда экономикалық өсім тежеледі  

Австралияның биылғы және келесі жылғы экономикалық өсімі жарты процентке төмендейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуырда ғана сайланған елдің бас қазынашысы Джим Чалмерс осындай болжам жасады. Парламентте сөйлеген сөзінде ол инфляция 7,35% деңгейінде болатынын тағы айтты. Бас қазынашы жағдай одан әрі нашарлауы мүмкін екенін ескертті. «Сондықтан, тиісті шараны қазір қолға алу керек, сонда ғана келер жылдың экономикалық өсіміне ықпал етуіміз мүмкін», – дейді ол.