Чехияда өрт сөндіруші өзі от қойған

Чехияда өрт сөндіруші өзі от қойған

Тазы ашуын тырнадан алады. Чехия мен Германияның шекарасында шыққан алапат отты өрт сөндірушінің өзі қойған болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол отбасылық жанжалдан күйзеліске ұшырап, көңілін аулау үшін осындай қадамға барған көрінеді. Салдарынан «Чех Швейцариясы» ұлттық паркіне айтарлықтай зардап келді. Алапат орман өрті өткен демалыста басталған еді. Жақын маңдағы елді мекендерден 500 адам эвакуцияланды. Қазір қызыл жалынды сөндіруге Германия мен Чехия тарабы бірдей жұмылдырылған.

Сондай-ақ көршілес Польша мен Словакиядан өрт сөндірушілер көмекке келді. Италиядан екі арнайы тікұшақ алдырылды.