Еуропаға заңсыз көш көбейді

Еуропаға заңсыз көш көбейді

Мигранттар мәселесіне байланысты Германияның сыртқы істер министрі Грекияға арнайы келді. Себебі Еуропа шекарасын заңсыз кесіп өту фактілері көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл мигранттар нөпірі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 84 процентке артқан. Әсіресе шекарадағы заңсыздық Жерорта теңізінің шығысы мен Балқан тезінің батысында көп байқалады.

Анналена Бербок, Германияның сыртқы істер министрі:

– Грекияның шекарасы – бүкіл Еуропаға ортақ шекара. Сондықтан оны қорғау - бәріміздің міндетіміз. Бір жағынан, шекараның адамдар үшін ашық болғанын, олардың құқықтарының сақталуын да назардан ұстағанымыз абзал. Бұлеуропалық құндылықтардың түп негізі.

Нотис Митаракис, Грекияның көші-қон және босқындар жөніндегі министрі:

– Көші-қон бүкіл Еуроодақ үшін үлкен мәселе болып тұр. Мигранттарға қатысты ұстаным 2 қағидаға негізделуге тиіс. Біріншіден, жауапкершілік. Біз сыртқы шекарамызды қорғауымыз керек. Босқындар мәселесін саяси қысым жасау құралына айналдыруға жол бермеген дұрыс. Екіншіден, Еуроодаққа мүше елдер көші-қоннан туындаған қиындықтарды жұмыла көтеруі тиіс.

ӘЛЕМДЕ МИГРАНТТАР НӨПІРІ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Жалпы әлемде көші-қон көрсеткіші коронавирус кезінде 27 процентке төмендеп, былтыр 50 мыңға жуық босқын өз отанына оралған. Алайда індеттің беті қайтқан соң мигранттар нөпірі қайта жанданды. Сондықтан Халықаралық Көші-қон ұйымы босқындар мәселесіне мән беру қажет дейді

Авторы: Ернат Мелсұлы