Кореяда халық саны азайды

Кореяда халық саны азайды

Оңтүстік Кореяда халық саны азайды. Бұл санақ жүргізіліп келе жатқан 1949 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отырған жағдай.

Кейінгі уақытта жастар отбасын құруды кейінге қалдыратын болған. Өйткені баспана бағасының күрт қымбаттауы секілді экономикалық қиындықтар көбейген. Сарапшылар соның салдарынан бала туу көрсеткіштері төмендеп кеткенін айтады. Сондай-ақ халықтың қартаюы да демографияға әсер еткен. Болжам бойынша 2025 жылы әрбір бесінші тұрғын жасы 65-тен асқан азамат болуы мүмкін. Өткен жылдың соңындағы мәлімет бойынша Оңтүстік Кореяда халық саны 51 миллион 700 мыңнан асқан.