Рим Папасы отставкаға кетуі мүмкін

Рим Папасы отставкаға кетуі мүмкін
Tengrinews.kz

Рим Папасы Франциск денсаулығына байланысты қызметінен кететінін растады. Бірақ алдымен өзі баруға уәде берген елдерге, оның ішінде Қазақстанға барғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды «Хабар 24» Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

85 жастағы Франциск тізесін жарақаттап алып, қозғалысы қиындаған. Осыған байланысты егер денсаулығы шіркеуді басқаруға кедергі келтірсе, отставкаға кетуге дайын екенін айтты.

«Менің ойымша, осынша жасымда және осындай денсаулықпен шіркеуге қызмет ете алу үшін өзімді күтуім керек немесе орнымды босату туралы шешім қабылдауым керек», – деді Католик шіркеуінің басшысы.