Ливанда кемежайда өрт шықты

Ливанда кемежайда өрт шықты

Ливан астанасы Бейрутте астық сақтайтын қойма кешенінінің бір бөлігі опырылды. Оған бірнеше апта бойы ырық бермей тұрған өрт себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ. Қойма 2 жыл бұрынғы алапат жарылыс кезінде зақымданған еді. Жақында күннің ыстығына байланысты кемежайдағы қоймаларда қайта өрт шықты. Қауіпсіздік шарасы ретінде маңайдағы көшелер жабылды.