Калифорнияда орман өрті өршіп тұр

Калифорнияда орман өрті өршіп тұр

Калифорния штатында орман өрті дес берер емес.

Осы уақытқа дейін тілсіз жау 200 шаршы шақырымнан астам жерді шарпыған. Одан шыққан көк түтін айналаны түгел тұмшалап алған. Осыған байланысты жақын маңда тұратын 3 мыңға жуық азамат шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілді.

Жалпы өрт сөндірушілердің айтуынша, қызыл жалынмен күрес үздіксіз жүріп жатқанына қарамастан әзірге оны ауыздықтау мүмкін болмай тұр.