Ресей американдық баскетболшы әйелді 9 жылға түрмеге жапты

Ресейде есірткімен байланысты болған американдық баскетболшы қыз Бриттни Грайнерге үкім шығарылды.

Сот оны 9 жыл бас бостандығынан айырып, 1 миллион рубль айыппұл салды. Грайнер өз кінәсін мойындаған. Бірақ қорғаушылар екі дүркін олимпиада жеңімпазының үкімін қайта қарауға күш салатынын жеткізді. Екатеринбургтің баскетбол клубында өнер көрсеткен Грайнер биыл ақпан айында Мәскеудің Шереметьево әуежайында ұсталды. Кеденшілер оның жүгінен наша майы бар вейп құтысын тапқан еді. Вашингтон Грайнерді АҚШ-та қару-жарақ сатқаны үшін сотталған Виктор Бутқа айырбастауды ұсынған. Бірақ Мәскеу екі ел арасында мұндай келісім жасалмағанын алға тартып, бас тартқан.