Қытай Нэнси Пелосиге қарсы санкция салады

Қытай АҚШ Конгресі өкілдері палатасының спикері Нэнси Пелоси мен оның жақын туыстарына қарсы санкциялар енгізеді.

Бұған саясаткердің Тайваньға жасаған сапары себеп. Көрші елдің сыртқы істер министрлігі өкілдері оның әрекетін арандатушылыққа балайтынын мәлімдеді.

Айта кеткен жөн, осы аптада Нэнси Пелоси Тайваньға барып қайтқан еді. "Бір Қытай" саясатын ұстанатын Бейжің мұны егемендікке қолсұғушылық деп атап, қатаң шаралар қабылдайтынын ескерткен. Алайда Нэнси Пелоси сапары Тайвань бұғазындағы бейбітшілікті сақтап қалуға бағытталғанын айтып отыр.