Кариб теңізі жағалауындағы саргассум балдырлары рекордтық мөлшерге жетті

Кариб теңізі жағалауындағы саргассум балдырлары рекордтық мөлшерге жетті

Ғалымдардың есептеуінше, олардың массасы 24 миллион тоннаға дейін жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 20 процентке көп. Мамандар оған жаһандық жылыну себеп дейді. Бұл балдырлар жағажайда шіріп, адам денсаулығына қауіпті газ бөледі. Одан мыңдаған балық қырылып қалған. Саргассум теңіз тасбақаларына да кесірін тигізіп жатыр. Олар судың температурасын өзгертіп, өзге балдырлардың азаюына да әсер етеді. Бұл жағдайдан жергілікті туризм де зиян шегіп отыр. Өйткені қолқаны қапқан иіске байланысты кейбір демалыс орындары уақытша жабылған.