Финляндияда екі миллион тонна құлпынай шіріп кету алдында тұр

Финляндияда екі миллион тонна құлпынай шіріп кету алдында тұр
DELFI

Биыл Финляндияда шамамен екі миллион тонна құлпынай жиналмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24» Lenta.ru сілтеме жасап.

Елдегі жалпы егіннің 15 пайызын құрайтын жемістің жиналмай қалуына жұмысшылардың жетіспеушілігі себеп. Бұрын Финляндияға құлпынай теруге жұмысшылар Украинадан келетін. Алайда қақтығыс салдарынан жұмыс күші ағыны айтарлықтай азайған.

Кәсіпкерлер осы уақытқа дейін жұмыс күшін іздестіру әрекеттерінің еш нәтиже бермегеніне шағымдануда. Таиландтан келген еңбек мигранттары украиндық жұмысшыларды алмастыруы мүмкін, бірақ олардың егінді сақтап қала алатыны әзірге белгісіз.

Бұған дейін Латвия фермерлері құлпынай жинауда украин жұмысшыларының тапшылығына алаңдаған. Шаруалар зор шығынға ұшырағанына шағымдана бастады. Олар сондай-ақ биліктен Украинадан еңбек мигранттарының елге келуіне ықпал етуді сұрауға ниетті екенін мәлімдеді.