Египетте қандағы глюкоза деңгейін тексерудің тың тәсілі пайда болды

Египетте қандағы глюкоза деңгейін тексерудің тың тәсілі пайда болды

Қандағы глюкоза деңгейін енді денеге ине салмай-ақ тексеруге болады. Жуырда каирлық студенттер осындай құрылғы жасап шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба авторларының айтуынша, әлгі аппарат спектроскопия көмегімен жұмыс істейді және жасанды интеллектпен жабдықталған. Прототипі тіпті халықаралық байқауда бірінші орын алыпты. Қазір оны нарыққа шығару жағы қарастырылып жатыр екен. Болашақта бұл өнім диабетке шалдыққан адамдарға қолданылатын инвазивті диагностика әдістерін алмастыруы әбден мүмкін, дейді жоба авторлары.