SpaceX ғарышқа тағы 52 жерсерігін ұшырды

SpaceX ғарышқа тағы 52 жерсерігін ұшырды

Америкалық «Спейс Икс» компаниясы ғарышқа жерсеріктердің кезекті легін ұшырды. Оларды Falcon 9 зымыран тасығышы Флоридадағы ғарыш айлағанынан әкетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы ғарышқа 52 жерсерігі аттанды.

Айта кетейік, бұл бағдарлама «Старлинк» ғаламдық интернет жүйесін құру жобасы негізінде жүзеге асып жатыр. Ол әлем халқын жердің кез келген түкпірінен кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған. Ғаламдық интернет жүйесі 11 мың жерсерігінен тұрады. 2019 жылдан бері «Спейс Икс» 3 мыңнан астам құрылғыны ұшырды.