Ашынған Ливан тұрғыны банк шотындағы қаржысын беруді талап етті

Ашынған Ливан тұрғыны банк шотындағы қаржысын беруді талап етті

Банкті басып алған ливандық кепілдікке алған адамдарды босатты. Бірнеше сағатқа созылған келіссөз нәтижесінде ер азамат 30 мың доллар алып, адамдарды босатуға келісімін берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бассам аш-Шейх Хусейн есімді азамат қолына қару алып, сейсенбі күні таңертең Ливанның федералды банкін басып алған еді. Осылайша ол өзінің есепшотында жатқан 200 мың доллардан астам ақшасын беруді талап еткен. Елдегі қаржы дағдарысына байланысты банк шоты бұғатталған. Ливанның банк жүйесі 209 жылдың соңында құлдырағанын еске сала кетейік. Содан бері ливан валютасы құнын 90 процентке жоғалтқан. Ашуға мінген азамат ғимаратты өртеп, адамдарды қырамын деп қоқан-лоқы көрсетті. Арнайы жасақ оны ғимараттан алып шықты.

Рой Мадкур, Ливан федералды банк заңгері:

Ол банк қызметкерлерімен бірге полицияның ақпараттық қауіпсіздік бөліміне жеткізілді. Құқық қорғаушылардың айтуынша, ішкі істер министрі онымен жүздеспек. Оған тергеуден кейін босатылады деген уәде берілді.