Түркияда толассыз жауыннан үйлер бүлінді

Түркияда толассыз жауыннан үйлер бүлінді

Түркияда толассыз жауын жауып, бірқатар қаланы су басты. Ауа райының қолайсыздығынан әсіресе Бурса қаласы қатты зардап шекті.

Тасқын су жолдарды шайып, үйлер бүлінді. Жүздеген көлік су астында қалды. Бірнеше ауданда жарық сөніп, қаланың инфрақұрылымына зақым келді. Ел астанасы Анкара мен Ыстамбұл қалаларында нөсер  жаңбырдан ағаштар құлап, қозғалыс тоқтап қалды.