Қытайда аптап ыстық алқымнан алып тұр

Қытайда аптап ыстық алқымнан алып тұр

Қытайдың оңтүстігіндегі аптаптың беті қайтар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш аптадан бері сынап бағанасы 39 градустан төмендемей тұр. Кей жерлерде ауа температурасы тіпті 45 градусқа жетеді. Жаңбыр жаумағандықтан, Еуразиядағы ең ұзын Янцзы өзені де тартылып, рекордтық деңгейге түскен.