Жаңа Зеландияда нөсер соңы тасқынға ұласты

Жаңа Зеландияда нөсер соңы тасқынға ұласты

Жаңа Зеландияның оңтүстік аралында 3 күн тоқтаусыз жауған нөсер тасқын мен лай көшкініне айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аралдың бірқатар өңірінде өзендер арналарынан асып, тұрғындар әбден әбігерге түсті. 50 мың халқы бар Нельсонда, тіпті, көшкін салдарынан үйлерді қоқыс басып қалған. Жергілікті билік қаладағы 230-дан астам үйдің тұрғындарын эвакуациялауға мәжбүр болды. Мамандарыдың сөзінше, соңғы 24 сағат ішінде аралға 300 миллиметрден астам жауын-шашын түскен. Ауа райын болжаушылар алдағы жұма күні де жаңбыр күшейюі мүмкін дейді.