Сомалиде содырлар шабуылынан 10 адам қаза тапты

Сомалиде содырлар шабуылынан 10 адам қаза тапты

Сомали астанасы Могадишода "Аш-Шабаб" лаңкестік ұйымының мүшелері қонақ үйді басып алды.

Полиция мен куәгерлердің айтуынша, олар алдымен жарылыс жасап, кейін оқ атып, мейманханаға басып кірген. Қазірдің өзінде қылмыскерлердің қолынан 10 адам ажал құшып, тағы бірнешеуі жарақат алған. Қонақ үйдің төбесіне бекініп алған содырлармен үкімет қарулы күштері әлі атысып жатыр. Ғимаратта неше экстремист бары әзірге белгісіз.