Ресей әскер санын көбейтті

Ресей әскерінің саны 140 мыңға адамға көбейеді. Тиісті жарлыққа Кремль басшысы Владимир Путин қол қойды.

Жаңа құжат 2023 жылы күшіне енеді. 2017 жылы Ресей әскерінің саны 1 миллион 900 мың адамға жеткен. Енді олардың қатары 2 миллионнан аспақ. Мақсатты жүзеге асыру үшін елдің Қорғаныс министрлігіне қосымша қаржы бөлінеді.