Ұлыбританияда электр энергиясы қымбаттайды

Ұлыбританияда электр энергиясы қымбаттайды

Ұлыбританияда қазан айынан бастап электр энергиясының бағасы 80 процентке қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы осы елдің электр энергиясын қадағалаушы орган мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарға қарағанда егер ағылшындар бұған дейін электр қуаты үшін жыл сайын 2 мың фунт стерлинг төлеп келсе, күзден бастап 3 жарым мың фунт төлейтін болады. Бұл ресурстардың тапшылығына әкеліп, ірі кәсіпорындардың жұмысына қауіп төндіруі ықтимал дейді мамандар. Осыған байланысты қадағалушы орган үкіметті дағдарысқа сай қосымша көмек бөлуге дайын болуға шақырып отыр.