Биыл Таяу Шығыста рейдтен 85 палестиналық азамат қаза тапқан

Биыл Таяу Шығыста рейдтен 85 палестиналық азамат қаза тапқан

Таяу Шығыстағы Батыс жағалауда Израиль әскері жүргізген түнгі рейдтерден 8 айдың ішінде 85 палестиналық ажал құшты.

Сарапшылар "бұл соңғы 6 жылда тіркелген ең жоғары қанды көрсеткіш" дейді. Ал еврей тарапы оққа ұшқандардың басым бөлігі содырлар және сарбаздарға таспен шабуыл жасағандар деп ақталып әлек. Жазықсыз көз жұмғандардың арасында "Әл-Жазира" тілшісі мен жасы 60-тан асқан егде тұрғындар бар.

Жехад Сауафта, жергілікті тұрғын:

- Менің ағам Израиль әскерінің қолынан қаза тапты. Оның ешқандай саяси немесе әскери құрылымдарға түк қатысы жоқ болатын. Бар мұраты - ұлы мен 2 қызын жеткізу еді. Себепсізден себепсіз өмірі қиылған ағамның құнын кімнен сұраймын?!