АҚШ-та төтенше жағдай жарияланды

АҚШ-та төтенше жағдай жарияланды

Төтенше жағдай су тасқынына байланысты АҚШ-тың Миссисипи штатында жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Толассыз жауған жауын жолдарды шайып кеткен. Билік тасқынға төтеп беру үшін қоршаулар тұрғызып әлек. Аймақтағы ірі өзеннің арнасы 10 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Үкімет тұрғындарды көшіруге қызу дайындық жасап жатыр. Іздеу-құтқару топтары да сақадай-сай.