Пәкістанда су тасқынынан келген шығын 10 млрд долларды құрады

Пәкістанда су тасқынынан келген шығын 10 млрд долларды құрады

Пәкістанда су тасқынынан келген шығын кем дегенде 10 миллиард долларды құрады. Бұл туралы елдің Жоспарлау министрлігі мәлім етті.

200 мыңнан астам халқы бар мемлекетте енді азық-түлік тапшылығы болады.

Билік өкілдерінің хабарлауынша, мақта дақылдарының 45 пайызы жойылды. Сондай-ақ жеміс-жидек, күріш, егіс алқаптары зор шығынға батқан. Болжам бойынша енді экономикалық жағдайды қалыпқа келтіру үшін 5 жылдай уақыт қажет. Айта кетейік, Пәкістанда екі аптаға созылған алапат тасқыннан қаза тапқандардың саны мыңнан асты. 33 млн адам зардап шекті. Жергілікті билік қауіп төнген бірнеше аймақта төтенше жағдай жариялады. Мыңдаған адам эвакуацияланды. Соңғы деректер бойынша, шамамен 1 миллион үйді су басып, мыңдаған жол шайылып, 150-ге жуық көпір су астында қалған.

Асхан Икбал, Пәкістанның жоспарлау министрі:

- Апат салдары қиын болып отыр. Әзірге шығын көлемі 10 миллиард доллардан асты. Қазір төтенше жағдайлар қызметі және апатқа қарсы тұру басқармасы есеп беріп жатыр. Зардап шеккен провинцияларда әскерилер мен құтқарушылар көмек беруде. Бірақ су басқан көптеген өңірлерге әлі жете алмай жатырмыз. Шығын әлдеқайда көп болуы мүмкін. 

Пәкістанда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек берілді

Қазір елде тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр. Жергілікті “Сайлани” қайырымдылық қоры Оңтүстік Синд провинциясында ыстық тамақ таратты. Мазасы қашқан тұрғындар  бұған дән риза.  Қайырылымдылықпен айналысатын мекеме ел бойынша күніне 45 мың адамға екі мезгіл тамақ береді. Қазір көптеген үкіметтік емес ұйым осылайша жұртқа жәрдемдесіп жатыр. Зардап шеккен адамдар қалың киімге, азық-түлік пен гигиеналық заттарға мұқтаж.

Мұхаммад Рехан, “Сайлани” қайырылымдылық қорының қызметкері:

- Күніне 5 мың адамға тамақ беріп отырмыз. Көрші Хайдарабадта әзірленген тағамды осында Синдке жетікізіп жатырмыз. Уақытша шатырлар тұрғызып, сырқаттанған адамдарды ауруханаларға жеткіземіз. Халыққа қолдан келгенше көмек беруге әзірміз.