Ресейліктердің ЕО елдеріне кіруіне тыйым салынуы мүмкін

Ресейліктердің ЕО елдеріне кіруіне тыйым салынуы мүмкін

Украинадағы қарулы қақтығыстарға байланысты ресейліктердің ЕО елдеріне кіруіне тыйым салынуы мүмкін.  Еуропалық Одақтың СІМ басшылары Прагада өткен бейресми кездесуде осы мәселені талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны Шығыс Еуропа, Балтық және Скандинавия елдері қолдайды. Қазірдің өзінде Финляндия, Польша және Чехия қысқа мерзімді визалар беруді тоқтатты. Дегенмен, Германия мен Франция бұл мәселеге қатысты талапты жеңілдетуді жақтайды. Бүгінгі таңда ресейлік туристердің  Балтық жағалауы арқылы Еуропа елдерін саяхаттауға мүмкіндігі бар. Мамандардың сөзінше, Еуро одақ СІМ басшылары ресейліктерге виза берудің жеңілдетілген тәртібі туралы 2007 жылғы келісімді тоқтатуы мүмкін. Енді қысқа мерзімде Шенген визасын алу ресейліктер үшін қымбат әрі қиындай түспек.