Испанияда орман өрті басылмай тұр

Испанияда орман өрті басылмай тұр

Елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Альбасете қаласында аптап ыстық тілсіз жаумен күресуге қиындық келтіруде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық агенттіктердің таратып отырған видеоларынан өңірде аспанды қара түтін басып қалғанын көруге болады. Қазір лапылдаған отты сөндіруге жергілікті өртсөндірушілер мен құтқарушылардың барлығы жұмылдырылған.

Айта кетейік, биыл Испанияда тілсіз жаудан 200 мыңға жуық гектар орман күлге айналды. Мұндай апат соңғы рет 2012 жылы болған еді, ол кезде 190 мыңға жуық аумақ отқа оранды.