Қырғызстанда тәуелсіздік күні тойланды

Қырғызстанда тәуелсіздік күні тойланды

Бүгін айыр қалпақты ағайын өздерінің Тәуелсіздік күнін тойлап жатыр. Бір қызығы қырғыздар дербестігінің 31 жылдығын бұрынғыдай ел астанасында емес, биыл өзгеше етіп атап өтуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерекелік шаралар Бішкектен 40 шақырымда орналасқан Чун-Курчак тау шатқалында ұйымдастырылды. Табиғаты әсем жерде ресми қонақтармен қатар ұлттық спорт түрлері бойынша жарысқа қатысушылар мен жанкүйерлер жиналды. Сондай-ақ бұл аймақта ту тұғыры орнатылды. Оның биіктігі 31 метр.

Садыр Жапаров, Қырғыз республикасының президенті:

– Мейрам құтты болсын! Бұл ата-бабаларамыз армандаған тәуелсіз қырғыз мемлекеті құрылғанын бүкіл әлемге жариялаған айтулы күн болды. Енді Тәуелсіздік күнін жыл сайын кезекпен әр облыста салтанатпен атап өтуді дәстүрге айналдырамыз. Бұл қадамымыз елдің барлық өңіріндегі азаматтарымыздың ауызбірлігі мен ынтымағын күшейтеді.