Германияда тағы бір терминалды жалға алынбақ

Германияда тағы бір терминалды жалға алынбақ

Германия алдағы 2 жылда тағы бір сұйытылған табиғи газ терминалын жалға алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жылына 5 мың текше метр газды өңдеп, сақтайтын бесінші терминал «Вильгельмсхафен» портына орналастырылады. Осылайша ресми Берлин Ресей шикізатына тәуелділікті азайтуды көздеп отыр. Германия қазірге дейін Ресейден көгілдір отын импортын 35 пайызға азайтқан. Келесі жылы оның көлемін тағы 10 пайызға қысқартуды жоспарлап отыр.