Чилиде оқушылар мен студенттер шеруге шықты

Чилиде оқушылар мен студенттер шеруге шықты

Чилида жаңа оқу жылы оқушылар мен студенттердің наразылық шеруімен басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналған топ Сантьяго көшелеріне шығып, полициямен қақтығысқан. Шерушілер білім ордаларында оларға қолайлы жағдай жасауды талап етуде. Дәлірек айтсақ, жастар қоғамдық көлікте тегін жүруді, мектеп пен университеттерде оқу ақысын төмендетуді немесе тіпті алып тастауды сұрайды. Ашуға ерік берген жұрт полицияға отты қоспасы бар бөтелкелер лақтырды. Ал құқық қорғаушылар оларды тарату үшін көз жасаурататын газ қолданды. Шерушілер наразылық акциясын 3 күн бойы өткізуді жоспарлап отыр.