Испанияда бұршақтан бір бала көз жұмды

Испанияда бұршақтан бір бала көз жұмды

Каталонияда бұршақ жауып, салдарынан бір бала қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы ондаған азамат жарақат алды. Көліктерге зақым келіп, электр сымдары үзілді. Үйлердің шатырлары қирады. Жергілікті метеорологиялық қызмет өкілдерінің айтуынша, аймақта мұндай көлемдегі мұз түйіршіктері  соңғы 20 жылда жаумаған. Кейбірінің диаметрі 10 сантиметр дейді мамандар.