Чехияда 70 мың адам шеруге шықты

Чехияда 70 мың адам шеруге шықты

Прагада 70 мың адам үкіметке қарсы шеруге шықты. Вацвал алаңына жиналған халық елдегі инфляция салдарынан орнаған азық-түлік қымбатшылығы мен электр энергиясының құнының өсуін тоқтатуды талап етіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразы жұрт түрлі плакат ұстап, «Бірінші кезекте Чехия» деп ұрандатты. Шерушілердің айтуынша, үкімет Еуропалық одақ және Солтүстік Альянс ұйымдарының мүддесін ғана қорғап, елдің қамын мүлдем ойламайтын болды. Ал ел премьер-министрі бұл ресейшілдердің ұйымдастырған шеруі деп отыр. Халықаралық агенттіктердің деректеріне сүйенсек, Чехияда инфляция мөлшері 17,5 процентке жеткен. Бұл соңғы 30 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.