Боливияда жерігілікті қорықтарға қауіп төніп тұр

Боливияда жерігілікті қорықтарға қауіп төніп тұр

Себебі Боливияның орталығы мен солтүстігінде орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сағатына 90 шақырым жылдамдықпен соққан жел өртті өршітіп жіберді. Қызыл жалын 9 мың гектар жерді шарпыған. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Тілсіз жаумен жүздеген өрт сөндіруші мен әскерилер де арпалысып жатыр.

Йовенка Росадо, Санта-Крус аймағы табиғи ресурстар департаментінің директоры:

Бени мен Санта-Крус аймағында жалпы 16 өрт ошағы тіркелді. Табиғат апатынан 11 аудан зардап шекті. Аймақта жағдай одан әрі ушығуы мүмкін. Сондықтан қауіптің сарғылт түсі жарияланды.

Ал АҚШ-тың Калифорния штатында 2 жерде орман өртеніп жатыр. Осыдан бірнеше күн бұрын Хемет қаласының маңында тұтанған жалын 2 жарым мың гектар жерге тараған. 2 адам көз жұмды. Апатты аудандардан тұрғындарды эвакуациялау жүріп жатыр. Өрт аумағының 5 пайызы ғана сөндірілген. Мамандар мұнда да жалынды өшіруге жел кедергі келтіріп отырғанын айтады.