Йеменде ондаған әскери қаза тапты

Йеменде ондаған әскери қаза тапты

Қазақстанда тыйым салынған «Әл-Каида» қарулы тобы Йеменде Абьян провинциясына шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Reuters агенттігінің хабарлауынша, қақтығыс салдарынан 20 адам қаза тапты. Террористтер Ахвар ауданындағы бақылау бекетіне кенеттен басып кірген. Бұл соңғы айлардағы ең жойқын шабуыл болып отыр.

Айта кетейік, Йемендегі ішкі қақтығыстар кезінде лаңкестер Араб түбегіндегі өңірлерге топтасып орналасқаны белгілі болды.