Мексикада иттерге қожайынын құтқаруға үйретіледі

Мексикада иттерге қожайынын құтқаруға үйретіледі

Мексикада адамның төрт аяқты достарын жер сілкінісі мен басқа да табиғи апаттар кезінде қожайынын құтқаруға үйрету қолға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жақында 30-дан астам ит осындай арнайы дайындықтан өтті. Салпаңқұлақтар 2 ай бойы үйінділер астында қалған қожайындарын іздеп табу, жер асты жолдарымен жүру сынды түрлі машыққа үйретілген. Егер иесі төрт аяқты досының кәсіби құтқарушы ит болғанын қаласа, әзірлік курсын одан әрі жалғастыра алады. 

Розалинда Кинг, дайындықтан өткен иттің қожайыны:

Никс өте жуас, сабырлы ит. Бұл дайындықтың оған жақсы әсер еткені көрініп тұр. Енді ол апат бола қалған жағдайда адамдарға көмектесе алатын болды.