Сирияда тырысқақ дерті ушықты

Сирияда тырысқақ дерті ушықты

Сирияның солтүстік-шығысында тырысқақ ауруы ушығып тұр. Соңғы бір айда қауіпті дертке жүздеген адам шалдығып, 39 науқас көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аурудың дендеуіне халықтың Евфрат өзенінен пайдаланып отырған суы себеп. Зерттеулер бойынша өзенде тырысқақтың қоздырғышы табылған екен. Мамандардың айтуынша, ауылшаруашылық алқаптары да қолдануға жарамсыз сумен суарылып жатыр. Енді одан шыққан өнімді тұтынуға болмайды. Дәрігерлер аурудың алдын алу үшін суды қайнатып алып ішуге кеңес береді.

Дживан Мустафа, денсаулық сақтау департаментінің өкілі:

– Эль-Хасака қаласына жеткізілетін су залалсыздандырылмайтын автоцистерналарда сақталады. Бұл да тырысқақ дертінің кең етек жайюына себеп. Мамандар науқастардың күн өткен сайын артып бара жатқанына алаңдаулы. Мәселе шұғыл шешімін таппаса, жағдайдың одан бетер қиындай түсері анық.