Израиль мен Түркия басшысы кездесті

Израиль мен Түркия басшысы кездесті

Бұл Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Израиль Премьер-министрі Яир Лапидтің 2008 жылдан бері алғашқы кездесуі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келіссөз БҰҰ Ассамблеясының шеңберінде өтті. Басқосу барысында тараптар лаңкестікпен күрес және экономика мен энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Анкара мен Тель-Авив арасындағы қарым-қатынас, биыл наурыз айында Израиль президентінің Түркияға сапарынан кейін жақсара бастады. Ал тамыз айында тараптар, дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіру туралы келісімге келген болатын.