ЕО Ресейге тағы да санкция салады

ЕО Ресейге тағы да санкция салады

Еуроодақ Ресей президентінің ішінара мобилизация жариялауына қарсы жауап ретінде жаңа санкция салады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мәселе Одақ Кеңесінің төтенше отырысында талқыланды. Еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель "Жаңа шектеу шаралары жақын арада қарастырылып, қабылданатын болады" деді. Оның айтуынша санкциялар жеке тұлғаларға және Ресей экономикасының салаларына қарсы бағытталады.