Еуроодақ Ресейге қарсы жетінші санкциялар пакетін әзірлей бастады

Евроньюс агенттігінің хабарлауынша, қара тізімге Мәскеу үшін маңызды деп саналатын авиация мен өнеркәсіптік технология саласы ілігеді.

Энергетика мәселесі бойынша Еурокомиссар Кадри Симсон: "Энергетика саласына да шектеулер салынуы мүмкін", – дейді. Еуроодақтың кезекті санкция пакетін енгізуіне Ресейдің референдум өткізу шешімі түрткі болды.