Сальвадорда лай көшкінінен жеті адам қаза тапты

Сальвадорда лай көшкінінен жеті адам қаза тапты

Сальвадорда басталған лай көшкінінен 7 адам мерт болды. Марқұмдардың үшеуі бала, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бір тұрғынның жарақат алғаны белгілі. Аймақта төпелеп жауған нөсер әлі де жалғасып жатыр. Жергілікті билік 29 муниципалитетте қауіптіліктің сарғылт деңгейін жариялады. Аймақта құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасуда. Ал мамандар тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады.