Қазір Украина үшін НАТО-ға кіретін ыңғайлы уақыт емес – АҚШ

АҚШ Украинаның НАТО-ға мүше болуына қатысты ашық есік саясатын ұстанады.

Алайда қазір - бұл ел үшін альянсқа қосылатын ыңғайлы уақыт емес. Оның орнына Киевке қолдауды күшейту маңызды. Президент Джо Байденнің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан мәселеге қатысты осылай деп мәлімдеді. Вашингтон Киевке кезекті көмек топтамасын дайындап жатқанын айтты.

Джейк Салливан, АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі:

- Бүгін біз Ресей шенеуніктері мен Мемлекеттік Думаның мүшелеріне және осы алаяқтық әрекеттерге қатысы бар тұлғаларға қосымша санкция салатынымызды жариялаймыз. Сонымен қатар Ресей мен Беларусьтің әскери тұлғаларына, Ресейдің қорғаныс-өндірістік кешенін қолдаушыларға да шектеулер енгізіледі. Біз бұл аннексиялауға саяси және экономикалық қолдау көрсеткен кез келген ел мен тұлғаға да санкция қолданамыз.