Болгарияда оппозиционерлер жеңіске жетті

Болгарияда оппозиционерлер жеңіске жетті

Болгарияда кезектен тыс парламент сайлауы соңғы 1,5 жылда осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Саяси додаға 23 партия мен 6 коалиция қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақырында бұрынғы премьер-министр Бойко Борисовтың «ГЕРБ» деп аталатын партиясы жеңіске жетті. Оппозициялық альянсты дауыс берушілердің төрттен бірі қолдады. Бірақ бұл министрлер кабинетін жеке дара құруға жеткіліксіз болып тұр. Сондықтан аталған партия өзіне одақтас іздеуі қажет.

Явор Петринский, жергілікті тұрғын:

– Сайлау қорытындысына еш таңқалмадым. «ГЕРБ» партиясы бұдан үлкен нәтижеге қол жеткізеді деп ойлағамын. Возрождение» партиясының нәтижесі жаман емес.

Бұған дейін елде тіркелген партиялардың бәрі Бойко Борисов пен оның серіктестері сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыптаған еді. Саясаттанушылардың сөзінше, елдегі дағдарысқа кінәлі дәл осы партия екен. Соның кесірінен Болгарияда саяси толқулар, сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанжалдар мен жүзеге асырылмай қалған реформалар жиілеп кеткен.