Еуроодақ санкцияларының көлемі артты

Еуропалық Одақтың Ресейге салған барлық сауда шектеулерінің көлемі 123 милрд еуроға жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл қос тараптың былтырғы сауда айналымының 40% құрайды. Еуроодақ өткен аптада Украинаның 4 аймағындағы референдумға қатысты Ресейге қарсы санкциялардың 8-ші пакетін бекітті. Оның ішінде жеке тұлғаларға қарсы шектеулермен қатар үшінші елдерге мұнай тасымалдауға тыйым бар. Сонымен қатар Ресейдің жеке және заңды тұлғаларына түрлі қызмет түрлерін көрсетуге тыйым салынды.