Украинаның басым аймағында электр энергиясы қалпына келтіріліп жатыр

Бұл туралы осы елдің президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.

Оның айтуынша, кей аудандарда энерго жүйесіне түсетін ауыртпалықты азайту үшін жарықты жоспарлы сөндіру қолға алынған. Еске сала кетейік, өткен дүйсенбі күні Ресей күштері Украинаның ірі қалаларын атқылап, көп азаматтық инфрақұрылымға нұқсан келтірді. Шабуылдан 26 адам көз жұмды.

Владимир Зеленский,  Украина президенті:

- Екі күнге жалғасқан зымырандық атқылаудан кейін елдің бүкіл аумағында қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Шаубылдан Киев пен 12 аймақтағы энергетикалық нысандар бүлінді. Бүгін сол өңірлердің көбінде электр энергиясы қалпына келітіріліп, қайта беріле бастады.