Сеул әлемдегі қауіпсіз қалалардың қатарына енді

Ұлыбританияның киберқауіпсіздік туралы Comparitech (Компаритек) компаниясы осындай мәлімет келтіріп отыр.

Вячеслав Хегай Кореяда 6 жылдан бері тұрады. Осы уақыт аралығында көлігінен еш нәрсе жоғалған емес. Кореялық автокөліктердің барлығына GPS-трекерлер орнатылған. Сол арқылы полицейлер кез келген уақытта ұрланған көліктің орналасқан жерін анықтай алады. Оған қоса барлық ғимаратта бірнеше камера орнатылған. Әдетте Вячеславтың автокөліктерді экспорттайтын компаниясына көлік ұрлайтындарды ұстауға жекеменшік күзет фирмалары көмектеседі.

Вячеслав Хегай, Автокөлік экспорттайтын компанияның вице-президенті:

- Бізде күзетілетін көлік қоятын үш орын бар. Ай сайын төлем жүргізіп отырамыз. Онда тәулік бойы жұмыс істейтін бейне бақылау мен күзетшілер  бар. Сондықтан темір тұлпарларымыз үшін еш алаңдамаймыз. Көлік қоятын орынның ең үлкеніне орта есеппен 5 млн вон төлейміз. Бұл –шамамен 4 мың доллар.

Киберқауіпсіздік бойынша Comparitech атты британдық ақпараттық компанияның мәліметіне сай Сеул қаласы 1 шаршы мильге орнатылған камералардың саны бойынша әлемдегі үздік 10 елдің қатарына кіреді. Өткен жылы Корея астанасына 83 мыңнан астам камера орнатылған екен. Статистика бойынша 5 жыл бұрын елде 2733 көлік ұрланса, өткен жылы 2404 көлікті айдап кетіпті.

Вячеслав Хегай, Инчон қаласының тұрғыны: 

- Бір жыл бұрын осындай оқиғалар болған. Көліктерді дәл диллерлердің орталықтарынан ұрлап әкетті. Бірақ бейнкамеркалардың көмегімен бірден ұстады. Олардың Солтүстік Кореядан басқа баратын жері де жоқ еді.

Көлік тонаушылармен күресте қатаң заңдардың ролі зор. Бөтен біреудің көлігін пайдаланғаны үшін, яғни бұзақы оны рұқсатсыз айдаса, 3 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тіпті көшеде тауып алған әмиян немесе кредиттік картаны полицияға я болмаса әкімдікке апармаған адамға ірі айыппұл салынады. Камералар мұндай сәттерді міндетті түрде түсіріп алады. Бірақ мұның жағымды жағы да бар. Жоғалған заттың иесі қайтарған кісіге оның құнының 5-20% аралығында өтеамақы төлеуі тиіс. Статистикаға сүйенсек, Оңтүстік Кореяда жоғалған заттың 70% иесіне қайтарылады.

Авторы: Владислав Цой, Ольга Лян